«Мектепке жол» кезекті республикалық қайырымдылық акциясы басталды

«Мектепке жол» кезекті республикалық қайырымдылық акциясы басталды

Жыл сайын 1 тамыз – 30 қыркүйекке дейін еліміздің барлық өңірінде «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өтеді. Ол оқу жылына дайындық кезінде аз қамтылған отбасылардағы балаларға демеушілік көмек көрсетуге бағытталған. 15 жыл ішінде қайырымдылық көмек көрсетіледі. Демеушілер қатарында ірі және орта бизнес, банктер бар. Жыл сайын атаулы көмек мөлшері 3,2 млрд теңгеге жетеді, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Бұл деректерді Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова хабарларды.

Азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою үшін білім басқармаларында «жедел желілер», білім беру ұйымдарындағы қоғамдық қабылдауларының үздіксіз жұмысы ұйымдастырылды. Акция кезеңінде Балалардың құқықтарын қорғау комитетінде 74-25-28 нөмірі бойынша жедел желі жұмыс істейді, сондай-ақ «BALA QORǴAÝ» жеделхат-чаты іске қосылды, оған көмекке мұқтаж азаматтар мен оларға жәрдем беруге ниеттілер жаза алады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...

В Шымкенте усилена работа по пресечению незаконной рекламы кальянной продукции в социальных сетях и на интернет-ресурсах.В соответствии со статьёй...