Үкіметте Инвестициялар тарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті

Үкіметте Инвестициялар тарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Инвестициялар тарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысында Астана қаласының инвестициялық бағдарламасы бекітілді, оның шеңберінде қажетті түйінді салалар мен жобалар ұсынылды, деп хабарлайды No-comment.kz - Премьер-Министрінің ресми ақпарат ресурсына сілтеме жасап.

Бағдарлама инвестицияларға «тапсырыс» моделіне көшуді көздейтін өңірлердің инвестициялық бағдарламасының 17 мамырда мақұлданған тетігінің логикалық жалғасы болды. Астана осы модельді енгізу үшін пилоттық аймақ болып таңдалды.

Отырыс барысында бірқатар ірі жобалардың жүзеге асырылу барысы мен келешегі талқыланды. Аммиак, карбамид және калий тыңайтқыштарын өндіруге бағытталған «KazAzot Prime» және «QAZAQ KALIUM LTD» сияқты жобаларға ерекше назар аударылды. Бұл жобалар аграрлық секторды қажетті тыңайтқыштармен қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады және өңір экономикасының дамуына ықпал етеді.

Энергетика секторына инвестициялар тарту күн тәртібіндегі жеке мәселе ретінде қарастырылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...

В Шымкенте усилена работа по пресечению незаконной рекламы кальянной продукции в социальных сетях и на интернет-ресурсах.В соответствии со статьёй...