Түркістан облысында жайылым жер көлемі 304 мың гектарға ұлғаяды

Түркістан облысында жайылым жер көлемі 304 мың гектарға ұлғаяды

Түркістан облысында 2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында 31 мың гектар жер телімлері мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Ерғали Тілеген мәлімдеді, деп хабарлайды No-comment.kz ақпарат агенттігі.

«Жалпы облыстағы барлық жер қоры 11 млн 610 мың гектарды құрайды. Оның басым бөлігі яғни 4 млн 469,5 мың гектар аумақ - ауыл шаруашылығы жерлерінің үлесіне тиесілі. Сонымен қатар, облыс әкімінің өкімі негізінде құрылған ведомстволық топ өңірдегі ауыл шаруашылығына пайдалануға арналған жерлерді және заңсыз иеленген аумақтардың барлығын мемлекет меншігіне қайтару бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде. Атап айтар болсақ, 2024 жылы 60 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарланған. Алғашқы жартыжылдық есеп бойынша қазіргі таңда 31 мың гектар жер мемлекет меншігіне өткізілді. Сондай-ақ өңірде мал басының артуына байланысты жайылым көлемін 304 мың гектарға арттыру көзделіп отыр», -деді басқарма басшысы.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...

В Шымкенте усилена работа по пресечению незаконной рекламы кальянной продукции в социальных сетях и на интернет-ресурсах.В соответствии со статьёй...