Шымкентте белсенді жастар арасында қалалық дебат турнирі өтті

Шымкентте белсенді жастар арасында қалалық дебат турнирі өтті

Шымкент қаласында белсенді жастар арасында қалалық дебат турнирі сәтті аяқталды, деп хабарлайды No-comment.kz ақпарат агенттігі.

Турнир барысында жас қатысушылар “АЭС-тің экономика мен экологияға пайдасы” тақырыбында қызу пікір алмасты. Олар атом энергетикасының артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылап, бұл мәселенің экономикалық және экологиялық аспектілеріне қатысты түрлі көзқарастарын білдірді.

Қатысушылардың пікірталас мәдениеті мен терең талдаулары көрермендер мен қазылар алқасын тәнті етті. Турнирдің нәтижесі бойынша үздік деп танылған командалар мен жекелеген қатысушылар анықталып, жеңімпаздарға “Amanat” партиясының атынан алғыс хаттар табыс етілді.

Бұл турнир жастардың ойлау қабілеттерін дамытып қана қоймай, олардың қоғамдық мәселелерге белсенді араласуына ықпал етті. Жастар арасындағы мұндай іс-шаралар ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтарды тәрбиелеудің маңызды құралы болып табылады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Негізгі мәселе – әскери реформа жоспарының жобасы. Бұл туралы...

  21 октября 2026 года на заседании Совета по защите прав предпринимателей и противодействию коррупции НПП «Атамекен» под председательством Каирбека Сулейменова...