«Энергетика – адамзаттың болашағы»: Шымкентте студенттер арасында маңызды кездесу өтті

«Энергетика – адамзаттың болашағы»: Шымкентте студенттер арасында маңызды кездесу өтті

Бүгін Шымкент қаласында «Энергетика - адамзаттың болашағы» тақырыбында студенттер арасында маңызды кездесу өтті, деп хабарлайды No-comment.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараның мақсаты – жастарды энергетика саласындағы өзекті мәселелермен таныстыру және болашақ даму бағыттары туралы ой бөлісу болды.

Кездесу барысында АЭС-тің экономикалық пайдасы мен оның елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі талқыланды. Спикерлердің арасында “BasQaru” қоғамдық қорының басшысы Марғұлан Ермағанбетұлы ерекше назар аударып, тақырып бойынша маңызды пікірлерімен бөлісті. Шараға 200-ге жуық жас қатысып, олар да өз сұрақтарын қойып, қызықты пікірталастарға белсене қатысты.

Бұл кездесу жастардың энергетика саласына деген қызығушылығын арттырып, олардың ой-өрістерін кеңейтуге үлес қосты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева тұрғын үй...

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев адамның тұрғын үйге деген іргелі құқығын конституция деңгейінде қорғау қажеттігі туралы пікір білдірді. Осы тұрғыда ол...