Бөлшектенген су айдындарынан балық шабақтары құтқарылды

Бөлшектенген су айдындарынан балық шабақтары құтқарылды

Балық шаруашылығы комитетінің Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы (бұдан әрі – Инспекция) 2024 жылғы 17 қазанда әлеуметтік желілерге мониторингті жүзеге асыру барысында «Атырау – Тандай-Х.Ерғалиев» автомобиль трассасы жанындағы бөлшектенген су айдындарында балықтардың қырылу қаупі жөнінде ақпарат анықтады, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Инспекция қызметкерлері болжамды жерге жедел шығып, Атырау облысының Бақсай ауылдық округі өкілдері және жергілікті ауыл тұрғындарымен бірлесіп, балық шабақтарын құтқару жұмыстарын жүргізді, нәтижесінде 120 000 дана балық шабақтары құтқарылып, Жайық өзеніне тірі күйінде жіберілді. 18 қазандағы жағдай бойынша балық шабақтарын құтқару жұмыстары жалғасуда.

Жалпы, 2024 жылдың маусымынан бастап бөлшектенген су айдындарынан - 121 293 095 дана балық шабақтары құтқарылды, оның ішінде Атырау облысында – 95 043 095 дана, Батыс Қазақстан облысында – 26 250 000 дана.

Бүгінгі күні Жайық-Каспий бассейнінің су айдындарынан балық шабақтарын құтқару жұмыстары жалғасуда және Инспекцияның үнемі бақылауында.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қырғызстан, Шолпан-Ата қаласы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Орталық Азия елдерінің басшылары чемпионатқа қатысушылармен әңгімелесіп, оларға сәттілік...

Мемлекет басшысының Қостанай облысының құрылғанына 90 жыл толуына арналған салтанатты іс-шараға қатысушыларға құттықтауы, деп хабарлайды ...

Ғылым мен жоғары білімді дамыту – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған стратегиялық басымдықтардың бірі. Президент тапсырмаларында білі...

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Маңғыстау облысында аммиак-карбамид кешенін салу...

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Үкіметте балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру...