Қасым-Жомарт Тоқаев Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбаломен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбаломен телефон арқылы сөйлесті

Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Гвинея-Бисау арасындағы қарым-қатынастың даму перспективасын талқылады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Президенттер екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екендерін растап, өзара ықпалдастықтың басым бағыттарын қарастырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Умару Сисоку Эмбалоны өзіне қолайлы уақытта Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

Сондай-ақ президенттер халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ғұмарбек Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті (АЭжБУ) «Заң мен тәртіп» республикалық бастамасын қолдау мақсатында «ORTAQ...

Түркістан қаласында кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін арттыру мәселесінде энергия ресурстарын ұтымды пайдалану маңызды орын алады. Өндіріс орындары, сауда нысандары...