Алматыда «Халық қатысатын бюджет» үздік жобаларына дауыс беру басталды

Алматыда «Халық қатысатын бюджет» үздік жобаларына дауыс беру басталды

2024 жылдың 22 қазаны мен 1 қарашасы аралығында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Алматы қаласын абаттандыру жобалары бойынша онлайн дауыс беру өтеді. Тұрақты тұруға ықтиярхаты бар қаланың әрбір ересек тұрғыны өздеріне ұнайтын жобаларды қолдау мүмкіндігіне ие, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Дауыс беру budget.open-almaty.kz порталында жүзеге асырылады. Порталдың негізгі бетінде қатысушыларға үштен аспайтын жобалық ұсынысты таңдауға және электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) немесе SMS-кодты пайдалана отырып дауыс беруді растауға мүмкіндік беретін «Дауыс беру» опциясы бар.

Мегаполис тұрғындарынан барлығы 6118 өтініш келіп түсті, олардың ішінде 1402 дауыс беруге рұқсат берілді. Ең көп дауыс жинаған жобаларды аудан әкімдіктері 2025 жылы іске асырады.

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы туралы кеңесті немесе ақпаратты аудан әкімдіктерінен, сондай-ақ Алматы Open Almaty Қоғамдық қабылдау бөлмесінен 224 39 29 телефоны арқылы алуға болады (ішкі тел. 203).

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасын қаржыландыру 2024 жылы 18,8 млрд теңгеге өскенін (2023 жылы – 12,9 млрд) еске салайық. Ағымдағы жылы аудан әкімдіктері 2023 жылғы жеңімпаз жобаларды жүзеге асыруды жалғастыруда, бүгінде 261 жоба жүзеге асырылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Цель акции – повышение правовой грамотности населения и оказание бесплатной юридической помощи. Любой гражданин может прийти и получить необходимую...

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында «Тама-Тастанбек» топтық су құбырын пайдалануға беру...

Қырғызстан, Шолпан-Ата қаласы Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде дәстүрге сай айрықша ықыласпен қарсы алғаны және бейресми кездесуді өткізу туралы бастама...

Қасым-Жомарт Тоқаевты әуежайда Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды, деп...