Түркістан: Төрехан Сабырхан – әлем чемпионы!

Түркістан: Төрехан Сабырхан – әлем чемпионы!

Черногория Республикасы, Будва қаласында 21 қазан мен 3 қараша күндері бокстан жастар арасында әлем чемпионаты өтті. Жаһандық бокс бәсекесіне 73 мемлекеттен 598 спортшы қатысып, шаршы алаң төрінде тартысты жекпе-жектер өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Ұлттық құрама сапында түркістандық 5 спортшы қатысып, 1 алтын, 3 қола медаль қанжығалады.

Осындай аламанда жүлде салған Түркістан облысының былғары қолғап шеберлері қатарында 67 келіде қолғап түйістірген талантты боксшы Төрехан Сабырхан ринг төрінде атой салып, барлық қарсыласын тізе бүктіріп, алтын медальді мойынында жарқыратты. Ал қыздар арасындағы жекпе-жекте үш бірдей жерлесіміз қола медаль иегері атанды. Атап айтсақ, 52 келіде Бағжан Отынбай, 63 келіде Аружан Жаңабаева және Шұғыла Нәлібайлар қола медальді қанағат етті.

Әлем чемпионатының жеңімпазы Сабырхан Төрехан мен қола жүлдегерлер – Бағжан  Отынбай, Шұғыла Нәлібай Түркістан облыстық №5 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері болса,  Аружан Жаңабаева «Түркістан» кәсіби бокс клубының шәкірті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиын...

В Палате предпринимателей города Шымкент состоялось заседание Совета по защите прав предпринимателей и противодействию коррупции, посвященное...

Түркістан облысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры жүзеге асыратын «Мобильді фронт-офис» жобасы аясында шағын және орта бизнес субъектілерімен...

В Туркестанской области начинается выездные встречи с субъектами малого и среднего бизнеса в рамках проекта «Мобильный фронт-офис», реализуемого...