Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кетті

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кетті

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кету туралы шешім қабылдады. Бұл туралы president.kg сайтында жарияланды. 

«Мен билікті ұстамаймын. Қырғызстан тарихында өз азаматтарын атқан, қан төккен президент ретінде қалғым келмейді. Сондықтан отставкаға кету туралы шешім қабылдадым.

Жапаров пен басқа да саясаткерлерді өз жақтастарын ел астанасынан шығарып, Бішкек тұрғындарына бейбіт өмірді қайтаруға шақырамын...», - делінген Жээнбековтің үндеуінде.

Қырғызстан конституциясына сәйкес, президент өз өкілетін мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда билік парламент төрағасына өтеді. Қазір Жогорку Кенеш спикері - Қанатбек Исаев.

Еске сала кетейік, Сооронбай Жээнбеков 2017 жылы Қырғыз Республикасының президенті болып сайланды.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ГФР, Берлин қаласы Марапаттау салтанатында Мемлекет басшысы Президент Франк-Вальтер Штайнмайердің Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға сүбелі...

Германия Федеративтік Республикасының Президенті Жоғары Мәртебелі Франк-Вальтер Штайнмайер мырзаның шақыруы бойынша Қазақстан Республикасының...

Германия, Берлин қаласы Мемлекет басшысы Германияға шақырғаны үшін Федералдық Президент Франк-Вальтер Штайнмайерге алғыс айтып, жоғары деңгейдегі қарқынды...