Қазақстандық жасөспірімдер семсерлесуден Әлем кубогының кезеңінде күміс медаль иеленді

Қазақстандық жасөспірімдер семсерлесуден Әлем кубогының кезеңінде күміс медаль иеленді

Семсерлесуден Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды No-comment.kz - Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Дүбірлі додада Қазақстан құрамасының намысын Жайлыбай Нұрмұхаммед, Қайназар Нұрқатұлы, Сұлтан Станбек және Ерхан Қараман қорғады.

Финалда отандастарымыз Өзбекстан құрамасымен кездесті. Нәтижесінде ойын 45:35 есебімен қарсыластардың пайдасына аяқталды.

Айта кетейік, жартылай финалда қазақстандық семсерлесушілер жасөспірімдер арасындағы әлемдік рейтингтің көшбасшысы болған Румыния құрамасын 45:36 есебімен жеңген еді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

23 августа в Казахстане состоятся выборы депутатов Курылтай. В этот важный день политической кампании в ряде городов и районов Туркестанской области общественный...

Енді отын қозғалысын өндіру мен тиеуден бастап, өңірлерге жеткізу және халыққа сатуға дейінгі бүкіл тізбек бойынша бақылауға болады. Бұл ауытқуларды жедел анықтауға,...