Фристайл-акробатикадан тарихи алтын

Фристайл-акробатикадан тарихи алтын

Алматыдағы «Шымбұлақ» тау шаңғы курортында өтіп жатқан фристайлдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Дінмұхаммед Райымқұлов фристайл-акробатикадан алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Отандасымыз финалдық сайыста үздік нәтиже көрсетіп, 104.52 ұпаймен бас жүлдені жеңіп алды. Бұл – фристайл-акробатикадан Қазақстанның жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қол жеткізген алғашқы алтын медалі.

Екінші орынды қытайлық Юйхэн Ян (101.79) иеленсе, қола медаль тағы бір қытайлық спортшы – Чжичен Янге (94.82) бұйырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында ТМД Парламентаралық ассамблеясының байқаушылары өз пікірлерін білдірді, деп...

Еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау бойынша республикалық референдумға Түркі мемлекеттері ұйымының өкілдері байқаушы ретінде қатысты. Ұйымның бас...