6-8 наурыз күндері Моңғолияның астанасы Ұланбатыр қаласында құсбегіліктен II Әлем чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға 10 мемлекеттен 30-дан астам құсбегі қатысып, өз шеберліктерін сынға салды, деп хабарлайды No-comment.kz - Абай облысының әкімдігіне сілтеме жасап.
Аталған халықаралық жарыста Қазақстан құрамасының намысын 3 спортшы қорғады. Солардың қатарында облысымыздың тумасы, Үржар ауданының бүркітшісі Ерзат Байқадамов жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі II орынды иеленді.
Жарыс қорытындысы:
1-орын – Серік Жеңісбек (Моңғолия)
2-орын – Ерзат Байқадамов (Қазақстан)
3-орын – Бүркітхан Хайзым (Моңғолия)
Айта кетейік, құсбегіліктен I Әлем чемпионаты 2022 жылы Абай облысының Үржар ауданында ұйымдастырылған болатын.

