4 жылдан кейінгі алтын: Әділет Алмат - Азия чемпионы

4 жылдан кейінгі алтын: Әділет Алмат - Азия чемпионы

Дзюдодан Қытайдың Ордос қаласында Азия чемпионатының екінші күні мәресіне жетті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

81 келідегі Әділет Алмат финалда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Сомон Махмадбековпен белдесті. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласына юко және вазари әдісін жасап, жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін 2022 жылы Данияр Шамшаев Астанада өткен сары құрлықтың додасында топ жарған еді.

Әділет Алматтың бұл Азия чемпионатындағы бірінші жүлдесі. Ол 2023 жылы жастар арасында Азия чемпионы атағына да қол жеткізген болатын.

Жарыстағы жолы:

1/8 финал. Шыңғысхан Сағыналиев
1/4 финал. Абылайхан Жұбаназар
1/2 финал. Бехрузи Хожазода

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Кипр Республикасын еліміздің Еуропадағы сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі деп атады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме...

Қасым-Жомарт Тоқаев Кипр Президентінің Қазақстанға алғашқы тарихи сапары екіжақты ынтымақтастықты дамытудың маңызды кезеңі саналатынын атап өтіп,...

Қасым-Жомарт Тоқаев Кипр Президентінің Қазақстанға алғашқы тарихи сапары екіжақты ынтымақтастықты дамытудың маңызды кезеңі саналатынын атап өтіп,...

– Мы признаем геополитическую важность Центральной Азии и роль Казахстана в мире. Казахстан является стратегическим партнером Европейского союза....