Стенд атудан Әлем кубогі кезеңінде Әсем Орынбай топ жарып, жаңа әлем рекордын орнатты

Стенд атудан Әлем кубогі кезеңінде Әсем Орынбай топ жарып, жаңа әлем рекордын орнатты
Алматы облысындағы Александр Асанов атындағы мергендер клубының базасында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медалін жеңіп алды. «Скит» дисциплинасында финалда сәтті өнер көрсеткен Әсем Орынбай қарсыластарын басып озып, чемпион атанды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Іріктеу кезеңінен сегіз спортшы финалға жолдама алды. Олар бірнеше раунд бойы бақ сынады. Шешуші сәтте Әсем Орынбай Қытай өкілі Жианг Итингтен басым түсіп, жеңіске жетті.

Жүлдегерлер:
1-орын – Әсем Орынбай
2-орын – Жианг Итинг (Қытай)
3-орын – Мартина Бартоломей (Италия)

2023 жылы Әсем Орынбай осы Әлем кубогының кезеңінде де жеңімпаз атанған. Сонымен қатар оның еншісінде әлем чемпионатының қола жүлдесі, Әлем кубогының, Азия ойындарының және Азия чемпионатының алтын медальдары бар.

Жарысқа 43 елден келген 300-ге жуық спортшы қатысуда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҰСБ алдын ала дерегіне қарағанда, 2026 жылғы қаңтар-шілдедегі ЖІӨ-нің өсуі 4,1%. Бұл бірінші жартыжылдықтағы көрсеткіш деңгейінде. Мұнай өндірудің...

ҚР Премьер‑министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен 124 теміржол вокзалын жаңғырту және реконструкциялау мәселелері бойынша кеңес өтті,...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев танымал спортшы Шавкат Рахмоновтың әкесі Бақтыбай Алпамысовтың дүниеден өтуіне байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл...

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық кодексін енгізу жобалық кеңсесінің...