Ширек финалға шыққан командалар анықталды

Ширек финалға шыққан командалар анықталды

Өткен аптада Чемпиондар Лигасының ширек финалына жолдама алған барлық команда белгілі болды.

Сонымен, биылғы жылы жанкүйерлердің назарын өзіне ерекше аударған итальяндық «Аталанта» командасы 12 тамызда азулы «ПСЖ» командасымен ойнайтын болады. Ал, 13 тамыз күні Германияның «РБ Лейпциг» клубы Мадридтің «Атлетикосымен» бақ сынасады.

Чемпиондар лигасының басты фавориті болып саналған Мадридтің «Реалы» өткен аптада ағылшындық «Манчестер Сити» командасынан жеңіліп қалды. Пеп Гвардиолла шәкірттері мадридтіктерді екі матч есебі бойынша 4:2 есебімен тізе бүктірді. Осылайша «Манчестер Сити» командасы енді 15 тамыз күні өз алаңында француздық «Лионды» қабылдайтын болады. Ширек финалдар ойындарының орталық матчы 14 тамызда болады деп күтілуде. Бұл күні каталондық «Барселона»  әйгілі «неміс мәшинесі»  - «Баварияны» өз алаңында қабылдайды.

 No-comment.kz

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Атырау облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар стратегиялық маңызды өндірістік нысанды аралап,...

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Атырау облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар стратегиялық маңызды...

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде бекітілген халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру аясында ҚР Еңбек және халықты...