Ильфат Абдуллин: Азия кубогі мықты және осал тұстарымды анықтап берді

Ильфат Абдуллин: Азия кубогі мықты және осал тұстарымды анықтап берді

Оңтүстік Кореяның Сувон қаласында өткен садақ атудан Азия кубогінде қазақстандық Ильфат Абдуллин күміс медаль иеленді, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Абдуллин классикалық садақ атудан финалда ғана сүрініп, маусымдағы маңызды медальдің бірін иеленді. 

"Бұл турнир менің мықты және әлсіз жақтарымды анықтауға көмектесті. Немен жұмыс істеу керектігін тағы да бір ой елегінен өткіздім. Мен үшін қажетті ақпаратқа толы болды турнир. Азия кубогіне мықты деген спортшылар түгел жиналды. Олардың арасында Олимпиада жүлдегерлері мен Азия ойындарының чемпиондары бар. Дәл қазіргі кезеңде біз бапкерлер нұсқауымен Олимпиада қызу дайындалудамыз.  Біздің міндет - бар білетінімізді көрсетіп, бар күшімізді салу. Қалғанын жарыс көрсетеді", - дейді Абдуллин. 

Айта кетелік, Ильфат Абдуллин Токио Олимпиадасында 1/8 финалға дейін жеткен болатын. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстанда Мемлекет басшысының республикалық маңызы бар 10 мың шақырым автомобиль жолын жөндеу жөніндегі тапсырмасын іске асыру жалғасуда. 2026...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Король Филипп және Патшайым Матильдамен бірге Астанадағы Ұлттық балаларды оңалту орталығын аралап көрді, деп...

Жоғары мәртебелі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруы бойынша Аса мәртебелі Бельгиялықтар Королі Филипп пен Аса...

Мемлекет басшысы Бельгиялықтар Королі мен Патшайымының Қазақстанға жасаған тарихи мемлекеттік сапары екіжақты қарым-қатынастың жаңа парағын ашатынын және қос халық...