Жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты: Алғашқы жеңімпаздар анықталды

Жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты: Алғашқы жеңімпаздар анықталды

Бүгін Алматыда жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Таңғы бағдарлама аясында алғашқы медальдар жиынтығы сарапқа салынды. 

Спорттық жүрістен Алматылық Ясмина Тоқсанбева топ жарды. Екінші орынды Галина Якушева (ШҚО), үшінші орынды Эльмира Калимуллина (Алматы) жеңіп алды.

Ерлер арасында алматылық Виталий Терехин жеңіске жетті. 

Балға лақтырудан Анастасия Калошина (ШҚО) жеңіспен атанды, 

Диск лақтырудан ерлер арасында Евгений Миловацкий (Маңғыстау облысы), әйелдер арасында Карина Васильева үздік шықты. 

Жарыс Олимпиадаға дайындау орталығында өтіп жатыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары!Шет мемлекеттер басшыларының қатысуымен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтуіне...

Шымкент қаласының туристік инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бүгінде қалада орналастыру орындарын дамыту, тарихи-мәдени...