Екі қазақстандық теннисші жасөспірімдер арасындағы "Уимблдон" турнирінде бақ сынауда

Екі қазақстандық теннисші жасөспірімдер арасындағы "Уимблдон" турнирінде бақ сынауда

Қазақстандықтар Амир Омарханов пен Соня Жиенбаева жасөспірімдер арасында Уимблдон турнирінің 1/8 финалына жолдама алды, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарыстың 13-ракеткасы болып тіркелген Омарханов екінші айналымда ұлыбританиялық Люк Хупермен кездесті.

Бірінші партияда Амир 6:4 есебімен басымдылық танытса, екіншісінде корт иесі есе қайырды – 7:5.  Шешуші, үшінші сетті Омарханов брейкпен түйіндеді – 6:3. Тартысты матч 2 сағат 16 минутқа созылды.

Амир Омарханов ширек финалға шығу үшін турнирдің 1-ракеткасы, америкалық Кейлан Бигунмен кезедеседі

Соня Жиенбаева жасөспірімдер арасында Уимблдон турнирінің үшінші айналымына өтті. Қазақстандық теннисші екінші айналымда жасөспірімдер арасында ITF 19-ракеткасы, жапониялық Эни Койкені жеңді. 

Соня Жиенбаева ширек финалға шығу үшін словакиялық Рената Ямриховамен ткездеседі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында өтіп жатқан облыстық тамыз кеңесі аясында жаңа оқу жылының басым бағыттары талқылануда. Өңір педагогтері білім сапасын арттыру,...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Hunan Junxin Environmental Protection Co., Ltd компаниясының директорлар кеңесінің...