Күрес түрлерінен ұлттық құрама Олимпиада алдындағы соңғы жаттығу жиынын өткізеді

Күрес түрлерінен ұлттық құрама Олимпиада алдындағы соңғы жаттығу жиынын өткізеді

Грек-рим, еркін және әйелдер күресі Федерациясы балуандардың Олимпиада қарсаңындағы соңғы жаттығу жиыны қайда өтетінін жариялады, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандық балуандар Париж Олимпиадасының алдындағы соңғы дайындық кезеңін Алматы облысында өткізеді. Бұл Париж ойындарына дайындықтың үшінші кезеңі саналады. 

Жаттығу жиыны 21 шілде мен 2 тамыз аралығында ұйымдастырылмақ. 

Оқу-жаттығу жиынына Олимпиадаға қатысатын балуандар мен олардың спарринг серіктестері қатысады. 

Айта кетелік, жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан жалпы есебі 8 балуан сынға түседі. Олардың төртеуі еркін күрестен бақ сынаса, төртеуі - грек-рим күресінің өкілдері. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары!Шет мемлекеттер басшыларының қатысуымен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтуіне...

Шымкент қаласының туристік инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бүгінде қалада орналастыру орындарын дамыту, тарихи-мәдени...