Жеңіл атлет Нора Джеруто Париж Олимпиадасының финалына шықты

Жеңіл атлет Нора Джеруто Париж Олимпиадасының финалына шықты

Қазақстандық жеңіл атлет Нора Джеруто Париж Олимпиадасының финалына жолдама алды, деп хабарлайды No-comment.kz - Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін әйелдер арасында 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден Олимпиаданың іріктеу айналымы өтті. Бұл бәсекеде Қазақстан атынан Нора Джеруто мен Дейзи Джемпекей сынға түскен болатын. 

Іріктеу қорытындысы бойынша Нора Джеруто финалға жолдама алды. Ол өз тобында мәреге бесінші болып келді. Джерутоның уақыт көрсеткіші – 9:16.46. 

Өкінішке қарай, осы қашықтықта бақ сынаған тағы бір қазақстандық спортшы Дейзи Джемпекей финалдан сырт қалды. Ол өз тобында мәре сызығын оныншы болып кесті. Джемпекейдің уақыт көрсеткіші – 9:24.69. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

23 августа в Казахстане состоятся выборы депутатов Курылтай. В этот важный день политической кампании в ряде городов и районов Туркестанской области общественный...

Енді отын қозғалысын өндіру мен тиеуден бастап, өңірлерге жеткізу және халыққа сатуға дейінгі бүкіл тізбек бойынша бақылауға болады. Бұл ауытқуларды жедел анықтауға,...