Нұрбек Оралбай бокстан Париж Олимпиадасының финалына шықты

Нұрбек Оралбай бокстан Париж Олимпиадасының финалына шықты

Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының финалына жолдама алды, деп хабарлайды No-comment.kz - Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрбек жартылай финалда доминикандық Кристиан Пиналесті жеңді. 

Жартылай финалдық жекпе-жек өте тартысты өтіп, қазақстандық боксшы 3:2 есебімен ақтық сынға өтті. 

Нұрбек Оралбай өзінің тұңғыш Олимпиадасында алтын медальға таласады. Ол 2023 жылғы әлем біріншілігінде де топ жарған болатын. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары!Шет мемлекеттер басшыларының қатысуымен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтуіне...

Шымкент қаласының туристік инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бүгінде қалада орналастыру орындарын дамыту, тарихи-мәдени...