Күрестен әлем чемпионаты: Екі қазақстандық балуан қола жүлдеге қол жеткізді

Күрестен әлем чемпионаты: Екі қазақстандық балуан қола жүлдеге қол жеткізді

Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстан қоржыны екі медальмен толықты, деп хабарлайды No-comment.kz - Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Әйелдер күресінен 57 келіге дейінгі салмақта Анна Стратан  қола медаль жеңіп алды. Стратан кіші финалда грекиялық Мэйри Маниден 5:1 есебімен басым түсті. 

65 келі салмақ дәрежесінде Ұлдана Тілеухан үздік үштікке енді. Қола медаль үшін өткен белдесуде Ұлдана нейтралды атлет Анастасия Команаваны 17:2 есебімен жеңді. 

Айта кетелік, бұған дейін грек-рим күресінің өкілдері 2 күміс медаль олжалаған болатын. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары!Шет мемлекеттер басшыларының қатысуымен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтуіне...

Шымкент қаласының туристік инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бүгінде қалада орналастыру орындарын дамыту, тарихи-мәдени...