Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов US Open турниріне жолдама алды

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов US Open турниріне жолдама алды

Қазақстандық теннисші, әлемнің 190-ракеткасы Тимофей Скатов АҚШ ашық чемпионатының іріктеу сайысын сәтті аяқтады, деп хабарлайды No-comment.kz - Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 104-ракеткасы, ұлыбританиялық Билли Харриспен негізгі доданың жолдамасын сарапқа салды.

Бірінші партияда Харрис 6:4 есебімен басым болған.

Есесіне екіншісінде Скатов азулы қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ – 6:0.

Үшінші, шешуші сетте Тимофей матчты жеңіспен түйіндей білді – 6:3.

Осылайша, Скатов US Open турнирінің негізгі айналымында бақ сынайды.  

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары!Шет мемлекеттер басшыларының қатысуымен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтуіне...

Шымкент қаласының туристік инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бүгінде қалада орналастыру орындарын дамыту, тарихи-мәдени...