Кісі үйінде кесте тоқыды

Кісі үйінде кесте тоқыды

Шымкент ақпараттық коммуникациялық орталығының қызметкерлері «Өз үйінде ою оймаған, кісі үйінде кесте тоқидының» классикалық үлгісін көрсетті. Әкімдікті сынағандардың «қолында өліп беретін» АКО-ның адал қызметкерлерін осынша аңғал, осынша сауатсыз болады деп кім ойлаған?! Түсінікті болу үшін бәрін басынан бастайық.

Ақтөбелік белгілі журналист Индира Кереева өзі тұратын мөлтекауданның ауласына қоқыс толып қалғанына ФБ бетінде қынжылыс білдіреді. Жергілікті атқамінерлердің қырсыздығына ренжиді. «...Ай сайын қоқыстың ақшасын төлеп отырмыз ??♀️Мен тұратын Нұр Ақтөбе - мемлекеттік бағдарламамен салынған аудан. 

Мұнда жас отбасылар көп, балалар да өте көп? Дәл осы қоқыстың артында балалар ойнайтын алаң бар. Кешкі желмен мына қоқыстың иісі мүңкіп, балаларға обал болды.  

Оңдасын Оразалин мырза, қаланың шетінде де ел бар екенін ұмытып кеткенсіз ғой деймін? Елдің бәрін үйіріп әкеп осы жерге қоныстандырдыңыздар бір-бір ипотекадан беріп? мектеп әлі салынып жатыр. Әне ашады, міне ашады деп келе жатқандарыңа да екі жыл болды. Балалар үшін бассейн, стадион, үйірмелер деген атымен жоқ??♀️ Ладно, көндік. 

Көнгеннің жөні осы деп енді қоқысқа көмесіздер ме? Қоқысты қашан алады? Нұр Ақтөбе деген атынан ұялсаңдарш, Назарбаев естісе өлтіреді ғой)

Айтпақшы, дәл осы біздің мкрдің қасында Назарбаевтың резиденциясы бар ? Елбасының үйінің маңын қоқысқа көміп қойды біздің әкім) Қызым айтатындай “Страх потерял”?» деп ақтөбелік тұрғындардың көкейінде жүрген ойды дөп басады.

Индира Керееваның осы жазбасы оқырмандарды бей-жай қалдырмады. Қанша адам лайк басты, ал, біздің жерлесіміз, шымкенттік ФБ қолданушысы Ya Rus бұл жазбаны өз парақшасында бөліседі. Қызық дәл осы жерден басталады. Ештеңенің мәнісін білмейтін шымкенттік АКО-ның қызметкерлері мұны Шымкенттің проблемасы деп Ya Rus-қа ресми жауап береді. Оқиық.

«Құрметті Ya Rus! Сіздің хабарламаңыз біз үшін маңызды.  Көтерген мәселеңіз назарға алынып, тиісті ауданға жолданғанын хабарлаймыз. Рақмет!»

Мұны енді трагикомедия дейді. Шымкенттік тиісті орындардың өз мусорын тазалай алмай отырып, басқа қаланың мусорын тазалаймыз деуі трагикомедия болмағанда не? Естеріңізде болса, осы сәуір айында Шымкентте 2 сағат қар жауып, біраз талдарды қиратып, электр желілерін үзіп кеткен. Соны Шымкенттің коммуналдық сала қызметкерлері 2 айда тазалап біте алмап еді ғой. «Өз үйінде ою оймаған кісі үйінде кесте тігеді» деген осы.

Екінші бұл жайт шымкенттік АКО қызметкерлерін өтірікке малып алғандығын көрсетеді. Шіркіндер «көтерген мәселеңіз назарға алынып, тиісті ауданға жолданғанын хабарлаймыз» дей ме? Бұл «хабарламаны»  Шымкенттегі төрт ауданның қайсысына жіберді екен? Осынша жанын сатудың қажеті не? Осыдан кейін билікке кім сенеді? Ертең Ya Rus немесе шымкенттік басқа да әлеуметтік желі қолданушысы Белоруссиядағы сайлауды сынап әйтепесе Ливанның астанасы – Бейруттағы жағдайды айтып бір жазба қалдырса, АКО-дағылар ол хабарламаны да «тиісті ауданға» жіберер ме екен?

Шымкенттік әлеуметтік желі қолданушылары, әл-әзір ешнәрсе жазбай қоя тұрыңыздаршы. Тағы АКО-ның қыз-жігіттері іліп әкетіп жүрер.

No-comment.kz

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алдағы 5 жылда Шымкентте 600 мың ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Биыл 200 мыңға жуық ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілуде.  Қала...