Тәжікстанда қазақ жүргізушісімен жанжалдасқан МАИ қызметкері жұмыстан қуылды

Тәжікстанда қазақ жүргізушісімен жанжалдасқан МАИ қызметкері жұмыстан қуылды

Тәжікстанның ішкі істер министрлігі (ІІМ) Турсунзаде қалалық МАИ қызметкері Ислом Махкамовты қызметінен алды. Әлеуметтік желілерде оның қазақстандық жүргізушімен жанжалдасқан видеосы жарияланған, деп хабарлайды zakon.kz  centralasian.org. сайтына сілтеме жасап.

ІІМ ақпаратына қарағанда, Махкамовты қызметтен алу туралы бұйрыққа министр екі апта бұрын қол қойған. Мекеме өкілі видео интернетке жарияланғаннан кейін қалалық ішкі істер басқармасында қызметтік тексеру жүріп, бұдан былай Махкамовтың бұл органда жұмыс істеуге құқығы жоқ деген шешім шығарылғанын мәлімдеді.

Екі минөттік видеода МАИ қызметкері жүк көлігін тоқтатып, оның нөмерін шешіп алғанын көруге болады. Қазақстан азаматы екенін айтқан жүргізуші Махкамовтың көлігін бөгеп, біраз жанжалдасқаннан кейін, нөмірді қайта тартып алған. МАИ қызметкері оның атына былапыт сөздер айтқан.

Видео әлеуметтік желілерде қызу талқыға салынып, қолданушылардың көбі МАИ қызметкерлерінің әрекетін сынға алған.

Ислом Махкамов қазақстандық жүргізуші қатты жылдамдықпен жүргенін, бірақ шетел азаматы болғандықтан оған айыппұл салмағанын жеткізді.

«Мені ішкі істер органдарынан кетірді. Менің бар айыбым - шетел азаматын жазаламағаным. Бұл менің қателігім болды» деді ол.

https://kaz.zakon.kz/5037133-t-zh-kstanda-aza-zh-rg-zush-s-men.html

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

«Жалпыға бірдей білім беру» қоры аясында ата-аналардың және заңды өкілдердің есепшоттарына мектеп формасын, аяқ киім мен оқу-құралдарын сатып алу...

Президенттік жастар кадр резервінің ресми сайтында 2025 жылғы 16 тамызда өткен «Ситуациялық тапсырмаларды шешу» іріктеудің үшінші кезеңінің...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында ұлт...

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Халықаралық паралимпиада комитетінің президенті Эндрю Парсонспен және Азия паралимпиада комитетінің президенті Маджид...