ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Нұр-Сұлтан қаласының сауда нысандарын аралады

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Нұр-Сұлтан қаласының сауда нысандарын аралады

Бүгін, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, денсаулық сақтау министрлігі мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің өкілдерімен қатаң карантиндік шектеу шараларын жеңілдетудің бірінші кезеңі аясында, өз қызметін қайта бастаған бірқатар нысандардың санитарлық-эпидемиологиялық және термометрия талаптарының сақталу барысын тексерді. Бұл туралы ️COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Тексеру «Mega Silk Way» сауда-ойын-сауық орталығында, «Этолон» сауда-құрылыс базарында және Нұр-Сұлтан қаласының орталық базарында жүргізілді.

Сауда нысандарын аралау барысында, кәсіпкерлер сауда-ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмыс режимін сағат 22.00-ге дейін, ал базарлардың жұмыс режимін сағат 20.00-ге дейін ұлғайту мүмкіндігін қарастыру жөнінде бастама көтерді.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов денсаулық сақтау министрлігіне жақын арада өтетін COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-да сауда нысандарының жұмыс уақытын ұлғайту бойынша кәсіпкерлердің барлық ұсыныстарын шығаруды тапсырды.

Елордалық нысандарды аралау қорытындысы бойынша Ералы Тоғжанов кәсіпкерлерді сауда нысандарындағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауға шақырды. Сондай-ақ, азаматтарды өздерінің және жақындарының денсаулығына мұқият болуға шақырды.

Өз кезегінде, кәсіпкерлер Қазақстан Республикасының Үкіметіне бизнеске қолдау көрсеткені және қамқорлығы үшін алғыс айтты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет Мемлекет басшысының биылғы наурыз айында Ұлттық құрылтайдың IV отырысында берген тапсырмасы аясында ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге...

Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесінің берілуімен бірге, қаланың бас жоспары қайта жаңартылып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы...