«Таза Қазақстан»: Шымкенттегі экологиялық бастама

«Таза Қазақстан»: Шымкенттегі экологиялық бастама

Шымкент қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында кезекті ауқымды сенбілік өтті. Бұл жолғы акция табиғатты аялауға деген тұрғындардың ерекше жанашырлығын және ортақ іске жұмыла білу қабілетін айқын көрсетті.

Қаладағы бес аудан түгел қамтылып, көшелер, аулалар мен қоғамдық орындар қоқыстан аршылды. Әл-Фараби ауданындағы Терiскей шағын ауданында №33, 35 және 37 үйлердің аулалары ретке келтіріліп, балалар ойын алаңдары мен жасыл аймақтар тазартылды. Коммуналдық қызмет мамандары мен тұрғындар бірлесе жұмыс істеп, көпқабатты үйлер ауласына жаңа ажар берді.

Сенбілікке қатысқан қала тұрғындары мұндай шаралардың тек тазалықпен шектелмейтінін айтады. — Табиғат – біздің аманатымыз. Әрбір аула мен көше, саябақтың таза болуы – келер ұрпаққа қалдыратын мұрамыз. Бүгінгі сенбілік – экологиялық мәдениетті қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. Сондықтан мұндай бастамаларға барша тұрғындардың қатысуы қажет, – дейді акцияға белсенділік танытқан шымкенттіктер.

Тазалық жұмыстарының қарқыны өзге аудандарда да жоғары болды. Абай ауданында Ақжайық шағын ауданындағы Асфендияров көшесі тазаланды. Еңбекші ауданында №30 мектеп аумағы ретке келтіріліп, оқушыларға қолайлы орта жасалды. Қаратау ауданындағы Нұртас шағын ауданында Кеңжарық пен Құлагер көшелері тазартылды. Ал Тұран ауданында Темірлан тас жолы бойындағы көпқабатты үйлердің аулалары абаттандырылып, тұрғындарға жайлы орта қалыптастырылды.

Айрықша белсенділікті қала жастары көрсетті. Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының бастамасымен көптеген ерікті жастар сенбілікке қатысып, өз үлестерін қосты. Олардың қатысуы экологиялық мәдениетті қалыптастыруда жаңа буынның жауапкершілігін айқындап берді.

Жалпы алғанда, «Таза Қазақстан» аясында өткізілген іс-шара қала тұрғындарының ынтымағын арттырды. Халық мұндай бастамалардың нәтижесін күнделікті тұрмыста сезініп отырғанын айтады. Тазалық мәдениеті қалыптасып, көршілер арасындағы сыйластық та нығая түсті. Қарапайым сенбілік ауқымды қоғамдық қозғалысқа айналып, Шымкенттің жасыл келбетін сақтауға нақты үлес қосуда.

«Тазалық – иманның жартысы» деген нақыл бүгінгі шараның мәнін толық ашып берді. Сенбілік Шымкенттің экологиялық ахуалын жақсартуға ғана емес, тұрғындарды ортақ жауапкершілікке, табиғатты аялауға және туған жерді көркейтуге шақырды. Қала халқының бірлескен еңбегі экологияны қорғау ісінде Шымкентті алдыңғы қатарлы үлгі ретінде көрсетуге мүмкіндік беріп отыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

«Жалпыға бірдей білім беру» қоры аясында ата-аналардың және заңды өкілдердің есепшоттарына мектеп формасын, аяқ киім мен оқу-құралдарын сатып алу...

Президенттік жастар кадр резервінің ресми сайтында 2025 жылғы 16 тамызда өткен «Ситуациялық тапсырмаларды шешу» іріктеудің үшінші кезеңінің...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында ұлт...