Түркістан облысында анасы мен ұлы шетелдіктердің 9 көлігін сатып жіберген

Түркістан облысында анасы мен ұлы шетелдіктердің 9 көлігін сатып жіберген

Түркістан облысында полиция қызметкерлері шетелдіктердің көлігін сатты деген күдікпен анасы мен ұлын ұстады, - деп хабарлайды  Polisia.kz порталы. 

Сарыағаш аудандық полиция басқармасына Тәжікстан азаматтарынан шағым түскен. Олар тәртіп сақшыларына осы жылдың мамырында шекара пункті маңындағы автотұрақта тұрған 9 көлікті белгісіз біреулер сатып жібергенін айтқан.

Бірнеше айдан соң жәбірленушілер жоғалған көліктерін тауып, полициядан көмек сұраған. Бұл фактілер бойынша полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы ("Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу") бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастап, күдіктілерді іздеуге кіріскен. 

Полиция қызметкерлері куәгерлерден жауап алып, басқа да жедел-іздестіру шараларын жүргізген. Нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктілердің ізіне түсіпті. Олар автотұрақта анасы мен ұлының жұмыс істегенін анықтаған. Жәбірленушілер оларға көліктерін сеніп тапсырған. Полицейлер күдіктілерді Қазығұрт ауданындағы туыстарының үйінде ұстапты.

Олар Сарыағаш аудандық полиция басқармасына жеткізілген. Тергеу барысында күдіктілер кінәсін толық мойындаған. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары осыған дейін жас жігіт 2019 жылы 3,5 жылға бас бостандығынан айырылғанын анықтаған.

"Күдікті анасын көндіріп, 6 автокөлікті Шымкенттегі автотұраққа 5 миллион теңгеге сатқан. Ал қалған көліктерді Сарыағаш қаласында қосалқы бөлшектерге 2,5 миллион теңгеге сатып жіберген. Анасы мен ұлы түскен ақшаны өз қажетіне жұмсаған. Қазіргі таңда бұл фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, заттай айғақ ретінде алынған 9 автокөлік заңды иелеріне қайтарылған.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...

Алдағы 5 жылда Шымкентте 600 мың ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Биыл 200 мыңға жуық ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілуде.  Қала...