Мырзахметов қайда жүр?

Мырзахметов қайда жүр?

2009-2015 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысын басқарған Асқар Мырзахметов жайлы қоғамда түрлі пікір бар. Біраз жұрт оны «мықты әкім», «барған жерін гүлдендіріп жібереді», «білімді де білікті кадр» деп әлі күнге дейін айтып та жүр. Расында, ОҚО-ны басқарған 6 жылдай уақытта Асқар Исабекұлы аянып қалмады. Басқасын былай қойғанда, сол кезде облыс орталығы болған Шымкентке аяқ басқандардың барлығы дерлік баратын «Бәйдібек би» демалыс аймағы, «Наурыз» алаңы және «Тәуелсіздік саябағы» сынды саялы орындардың салынуына елеулі еңбек сіңірді. Шынын айту керек, Мырзахметовтың осынау игі жұмыстарының арқасында Шымкент гүлденген болатын. Тіпті, кейбір тұрғындардан «қаладағы біраз жобаны бастап кеткен сол Мырзахметов еді, ондай әкім енді бізге бұйыра ма?» деген сөзді естіп жүргеніміз жалған емес.

2018-2020 жылдары Жамбыл облысын басқарған А. Мырзахметов тарихи мекеннің де көркеюіне сүбелі үлес қосты. Ал, бүгінде ол мемлекеттік қызметтен кетті. Асқар Исабекұлын білетіндер оны қазіргі таңда Алматыда жеке кәсіппен айналысып жүргендігін айтады.

No-comment.kz

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін Шымкенттегі Достық үйінде қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жомарт жан» жобасы аясында «Мектепке жол» акциясын бастады. Қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы...

Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар кеңесінің отырысы өтті. Онда Мемлекет...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов сирек және жерде сирек кездесетін металдар саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес...