Шымкент әкімдігі вируспен күрестің жаңа әдісін тапқан ба?

Шымкент әкімдігі вируспен күрестің жаңа әдісін тапқан ба?

Liter.kz сайтының хабарлауынша Шымкент қаласы әкімдігі жергілікті футболшылардың дайындығы үшін 551 миллион теңге бөліпті. Мемлекеттік сатып алу және сату порталына жарияланған деректерге сенсек, бұл жарты миллиард теңге футболшылардың тек қараша, желтоқсан айындағы дайындығына кетеді екен.

Бүкіл әлем елдері вирусқа қарсы вакцина іздеп, бар қаржысын соған құйып жатқанда, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов басқаша әрекет етуді жөн санаған-ау. Әйтпесе, бүгінде әлем індеттің екінші толқынынан қауіптеніп, үрей үстінде отыр ғой. Өзге елдердің қазір футбол түгілі, спортпен жұмысы жоқ.

Бұл Шымкент қаласы әкімдігінің бірінші әрекеті емес. Елімізде коронавирус індеті қатты тарап, өлім-жітім саны көбейіп тұрған тұста шаһар билігі веложол салу үшін қыруар қаржы жұмсаған. Бір ғана Дендросаябақтағы веложолдың өзіне 458 миллион қаржы кететінін мәлімдеген-ді. Осындай қысылтаяң уақытта 10 шақырымға да жетпейтін веложолдың құрылысына осыншама қаржы бөлу қаншалықты дұрыс? Мүмкін Шымкент билігі коронавирус індетімен күресудің жолы спортпен шұғылдану деп шешкен болар...

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушылар ұсынған өнімдер...

Жыл басынан бері мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 508,3...