БҚО-да 19 жастағы қыз жаңа туған сәбиін әжетханаға тастаған

БҚО-да 19 жастағы қыз жаңа туған сәбиін әжетханаға тастаған

Батыс Қазақстан облысында жас қыз жаңа туған сәбиін әжетханаға тастап жіберген. Бұл туралы mgorod.kz хабарлады.

Оқиға 23 қараша күні Қазталов ауданы Жаңажол ауылында болды. Ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, осында тұратын 19 жастағы қыз босанғаннан кейін шақалақты пакетке салып, дәретханаға лақтырған. Қазір өзі ауруханада жатыр.

«Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша жаңа туған нәресте суықтан қайтыс болған. Қыздың өзі қазір ауруханада, онымен психологтар жұмыс істейді» деп БҚО денсаулық сақтау басқармасыпікір білдірген.

Колледжде қашықтан оқып жатқан қыз толық отбасында тәрбиеленген. Үш баланың үлкені. Қазталов аудандық полиция бөлімінің бастығы Әзілхан Қайырханов оқиғаны растады. Сот-медициналық сараптама тағайындалған. Қазіргі кезде ҚР ҚК 100-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мемлекеттік қызметтерді дамыту және цифрландыру...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мемлекеттік қызмет көрсету саласын дамыту мен...