Үкімет отырысы Есімовті құттықтаумен басталды

Үкімет отырысы Есімовті құттықтаумен басталды

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті 70 жасқа толуымен құттықтады. Ең алдымен, барша қазақстандықты Тәуелсіздік күнімен құттықтаған Премьер-министр Ахметжан Есімовтің айтулы мерейтойы екенін де ұмытпады.

«Ахметжан Смағұлұлы – тәжірибелі басшы, Үкіметте, өңірлерде, «ЭКСПО» компаниясында басшылық қызметтерде жұмыс істеп, аса маңызды «ЭКСПО» көрмесін табысты ұйымдастырды. Ауыл шаруашылығын дамытудың негізін қалады, қазір «Самұрық-Қазына» қорын басқарып, еліміздің дамуына үлкен үлес қосуда. Елбасы мен президент қойған тапсырмалар мен міндеттерді тиімді орындап, нақты жұмысты ұйымдастырып келеді», – деді Мамин.

Үкімет басшысының құттықтауына алғысын айтқан «Самұрық-Қазына» басшысы Асқар Маминді Тәуелсіздік күні қарсаңында «Тұңғыш президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталуымен құттықтады.

«Мен Үкіметке алғаш рет 26 жыл бұрын вице-премьер болып келген едім. Сол уақыттан бері алғаш рет Премьер-министрді Тәуелсіздік күні қарсаңында марапаттап отыр. Елбасы кеше сізге үлкен награда тапсырды. Ол осы отырған әріптестеріңіз бен өз еңбегіңіздің бағасы», – деді Есімов.

Айта кетейік, Ахметжан Есімов 1950 жылы 15 желтоқсанда Алматы облысында туған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Нью-Дели, 2025 жылғы 6 маусым – Үндістанға ресми сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Орталық...

Шакирова  Асия  Мунавирқызы Жаратылыстану бағытындағы биология және химия пәндерін оқытуда кәсіби шеберлігін шыңдап, әріптестеріне үлгі болып жүрген...