Әйтенов vs Әсет

Әйтенов vs Әсет

Шымкенттегі «Шымсити» мөлтекауданында тағы дау шықты. Бұл жолы тұрғындар «айдың-күннің аманында жол салған мердігер компания құрылысы біткен жолды жауып тастады» деп шағымдануда. Салдарынан тұрғындар қазіргі таңда үйлеріне  кіре алмай, кірсе шыға алмай отыр. Тұрғындар «мердігер мекеме мұндай әрекетке қала әкімдігі тиісті ақшаларын бермегендіктен барып отыр-ау» дейді. Мәселенің анық-қанығын білу үшін Шымкент қалалық құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметовке қоңырау шалдық. Басқарма басшысы тұрғындардың бұл пікірін жоққа шығарып, әкімдіктің мердігер алдында ешқандай берешегі жоқ екендігін айтты.

«Аталмыш жолдың құрылысын «Корпорация Сити Строй» ЖШС-і жүргізген. Алайда, мердігер мекеме жұмысты тиісті деңгейде істемегендіктен қабылдау актісін жасамадық. Соған қырсығып істеп жатқандары ғой» деді Ербол Ахметов.

Қырсығып жолды жаба салатын мекеменің артында кім тұр? Ғаламтордағы дереккөзге сүйенсек, аталмыш құрылыс компаниясының бас директоры Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Әсет Қайыпбеков екен.  Ал, Әсет Қайыпбековпен байланысу мүмкін болмады. Ол кісінің де айтары бар шығар. Айтары болса, ол кісіге де сөз беруге әзірміз. Алайда, біздің айтпағымыз басқа! Сонда мердігер компания мен қала әкімдігі осылай өзара ырыңкезектесіп отыра бере ме? Әкімдік тұрғындардың жайын ойласа, тез бір шешім қабылдауы керек емес пе?! Екеуінің арасындағы интригадан тұрғындар не үшін зардап шегулері керек?

Ал, алда – Жаңа жыл мейрамы. Артынша Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы. Сайлау да мереке секілді өтуі керек. Сайлау мереке секілді өтуі үшін тұрғындардың көңіл күйі жоғары болуы керек. Ал, «Шымсити» тұрғындарының сайлау алдындағы көңіл күйі осындай болып тұр. Бірнәрсеге түсінген шығарсыз, Мұрат Дүйсенбекұлы...

No-comment.kz

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушылар ұсынған өнімдер...

Жыл басынан бері мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 508,3...