Қазақстан Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Қазақстан Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Франция, Париж қаласы

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Франция Республикасына мемлекеттік сапары салтанатты қарсы алу рәсімінен басталды, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысын әскери оркестрдің сүйемелдеуімен Президент Эмманюэль Макрон қарсы алды. Қазақстан мен Францияның мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

Президенттер республикалық гвардия, әуе-ғарыш, құрлық және теңіз әскерлерінен жасақталған Құрмет қарауылының алдынан жүріп өтті. Бұдан кейін мемлекеттер басшылары Құрмет қарауылының салтанатты шеруін тамашалады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон бір-біріне ресми делегация мүшелерін және құрметті қонақтарды таныстырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Отбасының цифрлық картасын енгізудің нәтижесінде 2024 жыл басталғалы 482,4 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін...