Түркістан: Мамандар жылыту маусымында қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады

Түркістан: Мамандар жылыту маусымында қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады

Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымының жоспарын бекіткен болатын. Соған орай 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» іс-шарасы өтті. Шараның мақсаты - жылу беру маусымы басталар алдында адам өмірі мен денсаулығын, мүлік пен қоршаған ортаны өрттен қорғау, тұрғын үйлерде өрттің туындау және табиғи газдан улану тәуекелдерін төмендету. Бұл жайында департаменттің басқарма басшысы Мұхан Байымбетов брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

- Қазіргі таңда әлеуметтік жағдайы төмен осал топтағы отбасылардың тұрғын үйлеріне 200 дана газосигнализатор құрылғысы орнатылды. Биыл жылыту маусымы басталғалы улы газдан улану жағдайы орын алмады. Алайда өткен жылыту маусымында улы газбен уланудың 7 жағдайы тіркеліп, салдарынан 5 адам қайтыс болды. Сонымен қатар, 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымында тұрғын үйлерде қазіргі кезге дейін 20 өрт оқиғасы тіркелді. Салдарынан 2 адам жарақат алса, қаза тапқандар жоқ, - деді спикер.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиын...

В Палате предпринимателей города Шымкент состоялось заседание Совета по защите прав предпринимателей и противодействию коррупции, посвященное...

Түркістан облысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры жүзеге асыратын «Мобильді фронт-офис» жобасы аясында шағын және орта бизнес субъектілерімен...

В Туркестанской области начинается выездные встречи с субъектами малого и среднего бизнеса в рамках проекта «Мобильный фронт-офис», реализуемого...