Шымкент: Қоғамдық орындарға wi-fi орнатылуда

Шымкент: Қоғамдық орындарға wi-fi орнатылуда

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес қоғамдық орындарға тегін Wi-Fi нүктелерін орнату жоспарланған. Осыған орай 10 қоғамдық орынға 30 тегін Wi-Fi нүктелері орнатылды. Қазір қалалық цифрландыру басқармасы тарапынан тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Шымкент қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, Бәйдібек би ескерткішінің алаңы – 2, Шымкент қаласы әкімшілік ғимаратының артындағы парктің алаңы – 4, Назарбеков-Бәйдібек би көшелерінің қиылысы Нұрсат аллеясы – 2, «Қызғалтақ» субұрқағы - 2, Арбат – 4, Нұрсат №130 мектеп артындағы аллея – 2, Наурыз алаңы – 4, Жерұйық саябағы – 4, Шәмші аллеясы – 2, Дендросаябақ – 4.

Wi-Fi құрылғыларына қосылу үшін «Aimaq Wi-Fi»-ды таңдаймыз, әрі қарай «Aimaq Wi-Fi» веб-парақшасына өтеміз. Веб-парақшада өз нөміріңізді тіркеп, нөміріңізге түскен смс-кодты енгізесіз.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Сенбі, 18 мамыр күні Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеіңесте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының...