Түркістан қаласының білім бөліміне қарасты «Ө.Жәнібеков атындағы №27 ІТ мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ағымдағы жылдың қазан айының 18 жұлдызы күні сағат:11.00-де «Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу» тақырыбы аясында білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін мектептердің 9, 10, 11 сынып оқушылары арасында жиналыс өткізілді, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.
Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу. Құқықтық тәрбиенің өмірілік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру. Құқықтық тәрбиенің, жігердің қоғамда маңызы зор екендігі түсіндіріп құқықтық сауатқа тәрбиелеу, өз ойларын еркін айтуға үйрету.
Міндеттері: - құқық бұзушылықтың деңгейін азайту; - құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесін жетілдіру, сондай-ақ оған ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, жою; - құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесі субъектілерінің және оған қатысушылардың қызметін үйлестіру; - салауатты өмір салтын қалыптастыру, азаматтық құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті тәрбиелеу; - құқық бұзушылық жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету болып табылады.
Жиналысқа Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Қырықбаев Мекенхан Қозыханұлы, Түркістан қаласы прокуратурасының аға прокуроры Әлі Дінмұхамед Ержанұлы, Түркістан қалалық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Муратов Нұрлан Жақыпұлы, Түркістан қаласы мәслихат депутаты Абдусейітов Бегахмет Зайнидинұлы қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Түркістан қаласы прокуратурасының аға прокуроры Әлі Дінмұхамед Ержанұлы, Түркістан қалалық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Муратов Нұрлан Жақыпұлы, Түркістан қаласы мәслихат депутаты Абдусейітов Бегахмет Зайнидинұлы баяндама жасады.
Құқық бұзушылық – заңды жауапкершілікке алып келетін құқыққа қарсы әрекет. Құқық бұзушылықтың алдын алу — мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, барлық меншік нысанындағы ұйымдар және Қазақстан Республикасының азаматтары жүзеге асыратын, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою болып табылады. Қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі кезде өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру арқылы оларды дұрыс жолмен жүруді үйретеміз. Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру өте маңызды. «Тәртіпке бас иген адам құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деп Б.Момышұлы айтқандай, еңбек тәртібін сақтап, заңды құрметтеп, тыныш жүрсе, одан ешкім де ұтылмайды. Жастар туған мемлекетімізді баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне қызмет етуге парыздар. Ол үшін әрбір жас еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін, халқымыздың жарастығын аман сақтай білу қаншалықты үлкен тарихи жауапкершілік екенін жан-жақты сезіну керек.