Шымкентте өнеркәсіп өнімінің көлемі 10,1 пайызға артқан

Шымкентте өнеркәсіп өнімінің көлемі 10,1 пайызға артқан

Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтенов Президент жанындағы орталық коммуникациялық қызмет алаңында өткен баспасөз брифингінде қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2021 жылдың қаңтар-мамыр айларында өнеркәсіп өнімінің көлемі 295 млрд. теңгені құрап, 2020 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,1 пайызға артқан. Ал өңдеу өнеркәсібінде 251 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 10 пайызға өсті. Өнеркәсіп – қала экономикасының негізгі құраушы саласы. Жалпы өңірлік өнімдегі үлесі – 24,6 пайызды құрады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шымкенттің 3 индустриалды аймағында алғашқы бес айда 1,8 млрд. теңгеге 274 жұмыс орнымен 4 жоба жүзеге асырылды. Осы жылдың соңына дейін инвестиция көлемі 38,1 млрд.теңгеге 754 жұмыс орны құрылып, 13 жоба іске қосылады.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...