Дүнежүзілік тазалық күнінде жастар белсенділік танытты

Дүнежүзілік тазалық күнінде жастар белсенділік танытты

Бүгін Дүнежүзілік тазалық күнінде Шымкент қаласы Тұран ауданына қарасты Құрсай шағын ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында тазалық іс-шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды No-comment.kz ақпарат агенттігі.

Тазалық шарасына қала тұрғындары, ерікті жастар және «Жасыл ел» жасағының мүшелері қатысты. Олар А 2 айналма жолының бойын тазалап, аумақты ретке келтірді.

Тазалық іс-шарасына қатысушылар Президенттің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы еліміздің экологиялық мәдениетін көтеруге, табиғатты аялап, қоршаған ортаны қорғауға оң ықпал ететінін айтып, барша азаматтарды осынау игілікті іске белсенді түрде атсалысуға шақырады.

– Тазалық кісінің ішкі мәдениетінің, адамгершілігінің көрінісі деуге болады. Біз өзіміздің, өз үйіміздің ғана емес, тұрып жатқан жеріміздің, қаламыздың, туған жеріміздің таза болуына да баса мән беруге дағдылануымыз керек. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынып отырған «Таза Қазақстан» бағдарламасына жастардың белсенді түрде қатысып жатқанын көріп қуанып отырмын, – дейді Тұран аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әділбек Сатыбалды.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы тазалық іс-шаралары бір күнмен шектелмей, бүкіл қаламыз бойынша тұрақты түрде жалғасып келеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Денсаулық сақтау министрінің төрағалығымен ведомство алқасының кезекті отырысы өтті, онда ағымдағы жылдың 9 айында саланың негізгі...