Шымкентте 2 агро-индустриалды аймақ құрылуда

Шымкентте 2 агро-индустриалды аймақ құрылуда

Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қаланы толық қамтамасыз ету - басты назарда. Шымкент қаласының әкімі бұл бағытта 2 бірдей агро-индустриалды аймақ құрылып жатқанын айтты. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бірі – заманауи өнеркәсіптік жылыжай кешені, екіншісі – «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы. Қазір екі агроөндіріс аймағының да жобалау-сметалық құжаттары жасақталып жатыр.

«Бүгінде Шымкентте агроөнімдерді өңдеуге басымдық берілуде. Осы жылы ауыл шаруашылығында жалпы құны 24 млрд.теңгені құрайтын 32 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Есепті кезеңде 12,8 млрд.теңгенің ауылшаруашылық өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,2 пайызға артты. Салаға бағытталған экспорт көлемі 39 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылдың тиісті кезеңінен 10% артық» - деді қала басшысы.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...