Алматыда Ассамблеясының отырысы өтті

Алматыда Ассамблеясының отырысы өтті

29 қазанда Алматы қ. Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Елдесу және татуласу» жобасы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы Республикалық этномедиация кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан халқы Ассамблеясына сілтеме жасап.

Ұйымдастырушысы - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ.

Бұл іс-шара этносаралық салада медиацияны қолдану тәжірибесінің өзекті мәселелерін талқылауға және пікір алмасуға бағытталған және ел азаматтарының сенімін арттыруға ықпал етеді.

Жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, ҚХА Республикалық медиация кеңесінің төрағасы, Ұлттық Құрылтайдың мүшесі Шерзод Пулатов, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ директоры Элина Масагутова, Медиация кеңесінің мүшелері, аймақтардағы ішкі саясат және қоғамдық даму басқармалары жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ өкілдері қатысты.

Марат Әзілханов өз алғы сөзінде қазіргі медиация тілінің ерекшеліктерін, цифрландыру және техникалық революция жағдайындағы перспективаларды, медиацияның құқықтық аспектілерін және еліміздегі этносаралық келісімді қалыптастыру үдерісін атап өтті.

Шерзод Пулатов облыстардағы әріптестерімен бірге «Елдесу және татуласу» жобасы мен «Бейбітшілік пен келісім» ҚХА-ның арнайы жобаларының жүзеге асырылу барысы туралы айтты.

Элина Масагутова этномедиация институтының дамуы бойынша «Қоғамдық келісім» РММ қызметінің есебімен таныстырды.

Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты Этномедиация орталығының директоры Луиза Узарова ҚХА-мен бірлескен жобалардың ықпалымен тиімді және уақтылы жауап беру және мәселелерді шешу үшін нақты алгоритм құрылғанын атап өтті.

«Елдесу және татуласу» жобасы ҚХА-ның 13 арнайы жобасының бірі болып табылады, оның мақсаты - этностардың бірлігі мен татулығы, сондай-ақ табысты медиация кейстерін қалыптастыру және насихаттау болып табылады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...