Мемлекет басшысы Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды Түркияның Ұлттық мейрамы – Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Президент құттықтау жеделхатында Түркияның бірлігі мен дамуының бірегей нышаны саналатын бұл күннің мән-маңызы ерекше екенін атап өтті. Сонымен қатар бірлескен күш-жігер арқылы Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық ынтымақтастық екі ел игілігі үшін нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның аса жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, бауырлас түрік халқына құт-береке тіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Кеше Екатеринбургте «ИННОПРОМ» XV халықаралық өнеркәсіптік көрмесінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық...