Шымкентте құрылыс жұмыстары 115,3 пайызға өскен

Шымкентте құрылыс жұмыстары 115,3 пайызға өскен

«Мемлекет басшысы баспана мәселесін азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатымен тікелей байланысты екенін атап өткен болатын. Биыл өзімізге бір миллион шаршы метр тұрғын үй саламыз деп міндет алдық. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артық» - дейді Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов. Әкімнің бұл мәлімдемесін Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі таратты.

Қазіргі таңда Шымкентте жеке салушылар есебінен 8639 пәтерлі 178 көпқабатты тұрғын үй, бюджет есебінен 5912 пәтерлі 97 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр.

Құрылыс жұмыстары алғашқы 5 айда 28 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 115,3 пайызға өскен.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Дүниежүзілік тазалық күніне орай бүгін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясындағы іс-шаралар Шымкент қаласы Еңбекші ауданында да жалғасын тауып...

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Грузия үкіметаралық комиссиясының 12-ші отырысына...