Қазір қалада 18 732 орындық 32 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін 10 222 орындық 20 білім ұясы пайдалануға беріледі. Оның 16-сы жеке инвесторлардың есебінен салынып жатыр. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
- Білім саласында қуанышты жаңалық бар. Шымкент жаңа оқу жылын апатты мектепсіз бастайды. Үш ауысымды мектептер саны 14-тен 9-ға дейін төмендейді. Мұнда инвесторлардың үлесі зор болып отыр, - деп мәлімдеді Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов.
Жалпы 2025 жылға дейін Шымкентте 68 500 орындық 72 мектеп бой көтереді.