Шымкентте 226 мың оқушы бар

Шымкентте 226 мың оқушы бар

Отыз жыл бұрын Шымкенттің 69 мың оқушысы бар 72 мектеп болса, қазір 226 мың оқушы оқитын 186 мектеп бар. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қала бюджеті 1991 жылы 1 млрд. теңге болатын, күні бүгін 480 млрд. теңгеден асты. Өмір сүру ұзақтығы он жылға өсті. 1991-ші жылдары орташа жас 63,9 болатын, қазір 71 жас.

Осыдан отыз жыл бұрын қалада 832 шақырым жол болса, күні бүгінге 4 есеге артып, қала жолдары 3 331 шақырымға жетті.

Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтенов Президент жанындағы орталық коммуникациялық қызмет алаңында өткен баспасөз брифингінде қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін мәлімдеу кезінде «Бұл жетістіктің барлығы да Шымкент қаласы тұрғындарының бірлігі мен іскерлігінің арқасында болып отыр. Жыл соңына дейін де ойға алған жоспардың барлығы да орындалатынына сенімдімін» - деп айтты әкім.  

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Дүниежүзілік тазалық күніне орай бүгін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясындағы іс-шаралар Шымкент қаласы Еңбекші ауданында да жалғасын тауып...

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Грузия үкіметаралық комиссиясының 12-ші отырысына...