Биыл Шымкентте «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты аясында 816,1 млн. теңге бөлінген. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Бағдарламаның ережелеріне сәйкес несиелер жылдық 6 пайызбен 23 млн. теңгеге дейін 7 жылдық мерзімге беріледі. Сонымен қатар, халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтары үшін несиелер жылдық 4%-бен беріледі. 1 маусымда 5 жоба мақұлданып, оларға 68 млн. теңге бөлінді.
Бұл бағдарлама аясында несиелерді рәсімдеу үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на өтінім тапсыру қажет.