Павлодар өңірі астық жинаудан рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

Павлодар өңірі астық жинаудан рекордтық көрсеткішке қол жеткізді
Соңғы он жыл ішінде Павлодар аймағы экономикасы құрылымының біртіндеп өзгеруі байқалуда. Облыс өнеркәсіптік шикізаттан, әртараптандыру процестері арқылы қуатты өңдеу саласы және әлеуеті мол ауыл шаруашылық аймаққа айналуда. Үлкен павлодарлық бизнес агроөнеркәсіптік кешенде қанат жаюда. Қазір өңір аграрлық салаға тартылған инвестициялар көлемі бойынша елімізде көш бастап тұр. Қаңтар айынан бастап агробизнеске 190 млрд теңгеден астам инвестиция салынды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен екі есе жоғары. Бұл жайлы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов ОКҚ алаңында айтты, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...