Шымкент – шахмат астанасы болмақ

Шымкент – шахмат астанасы болмақ

Мұндай пікірді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Мақсұт Пернебайұлының айтуынша, «Шымкент – еліміздің шахмат астанасы» брендін қалыптастыру арқылы, туризмнен айтарлықтай табыс табуға болады.

«...АҚШ-та Сент-Луис, Германияда – Дортмунт, Ресейдің – Элиста қалалары өз елдерінің бейресми шахмат астаналары атанып кеткен. Енді бұл тізімге - Шымкент қаласы да енбек.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың бастамасымен 2021 жылдың 20-30 шілде күндері шахматтан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты Шымкент қаласында өтпек.

Мемлекеттік бюджеттең қаржысынсыз өтетін чемпионаттың басты мақсаты «Шымкент – еліміздің шахмат астанасы» брендін қалыптастыру.

Спорттық сайысқа еліміздің барлық аймағынан ойыншылар, олардың ата-аналары және жаттықтырушылар арнайы Шымкент қаласына атбасын бұрады.

Сол он күндікте қонақтарымызға Шымкентті жан-жақты таныстыруға күш салып, қала қазынасына түсетін табысты еселеуді көздеп отырмыз.

Алдын-ала болжам бойынша мультипликативті эффект нәтижесінде қала қазынасына 400 млн теңге табыс түспек.

«Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы – Шымкентті зияткерлер қаласы атандыру мақсатында алғашқы жүрісті бастады» деп жазды М. Исахов.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкімет заңсыз иемденілген активтерді қайтару есебінен әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылым нысандарын салу...

Қазақ халқы ежелден-ақ сөзге тоқтаған, сөзге жүгінген, жыр мен әңгіме арқылы өзіндік болмысын сақтаған халық. Кітап – сол ұлттың сан ғасырлық жады,...