«Shanyraq»-тағы тегін курстар

«Shanyraq»-тағы тегін курстар

 «SHANYRAQ» Отбасы институты орталығында мамыр айынан бастап жас аналарға қолдау көрсету мақсатында массаж жасау бойынша тегін курстар ұйымдастырылды. Сонымен бірге, курста балаларға арналған массаждың ерекшелігі мен бала денсаулына әкелетін пайдасы туралы баяндалып, қыр-сыры түсіндірілді, деп хабарлады Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Лаура Кұдайбергенова- «Меруерт» оқу орталығының білікті массаж маманы. Ол 25 күн аралығында 10 ананы оқытып, 36 сағаттық курс өткізді. Курстың алғашқы түлектеріне массажист сертификаттары табысталды. Өз сәбилеріне массаж жасауды үйренген қыз-келіншектер сертификат арқылы алдағы уақытта өз кәсібін бастауына да мүмкіндік алады.

-Орталықта аналарды қолдау мақсатында түрлі тегін курстар өткізуді қолға алдық және қысқа уақыт ішінде жетістіктерге жетіп, аналардың алғыстарын алудамыз. Оқу курсынан өткен барлық аналардың өз кәсібін дамытып, жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз», - деді «Shanyraq» орталығының меңгерушісі Абибулла Қалымбет.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Дүниежүзілік тазалық күніне орай бүгін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясындағы іс-шаралар Шымкент қаласы Еңбекші ауданында да жалғасын тауып...

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Грузия үкіметаралық комиссиясының 12-ші отырысына...